ВАКАНСИЯ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Түркістан облысы бойынша филиалы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

Бос лауазымдар

Профессор (1 бірлік);
Доцент (1 бірлік);

 

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының (пәндерінің) бағыттары

  1. Көшбасшылық және эмоциялық интеллект
  2. Шешендік өнер
  3. Ынтымақтастық
  4. Өзін-өзі дамыту. Мансаптық өсуді ынталандыру.
  5. Жеделдік
  6. Күйзеліске төзімділік
  7. Келіссөздер жүргізу және конфликт менеджмент
  8. HR менеджмент
  9. Жауаптылық және бастамашылдық
  10. Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру
  11. Өңірлік саясат: өңірлік даму жоспарын енгізу
  12. Өңірдің стратегиялық даму басымдықтары
  13. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару.Стратегиялық ойлау.
  14. Үлкен деректерді талдау
  15. Өңірлік жастар ұйымдарымен ынтымақтастық
  16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру

 

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру тақырыптары

  1. Тиімді коммуникация дағдылары
  2. Стратегиялық менеджмент және трансформациялық көшбасшылық
  3. Коммуналды меншікті басқару
  4. Дербес бюджеттік процесс
  5. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы реформалар
  6. Бюджеттік мониторинг. Бюджеттік инвестициялық жобаларды басқару
  7. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері
  8. Мемлекет – азаматтарға. E-kyzmet,
  9. Кәсіпкерлік пен туризм саласын дамыту
  10. Мемлекеттік жастар саясаты

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Профессор – PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 8 жыл;

Доцент – PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл;

 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академияның филиалы директорының атына өтініш (еркін үлгіде) береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) түйіндеме;

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және  салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және  салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

4)   ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

5) жеке куәліктің көшірмесі;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

8)    профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес);

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (ғылыми жарияланымдарының тізімі, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы.

Презентация үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және қайта даярлау курстарының кемінде 2 пәнін дайындау қажет.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалдары директорларының атына өтініш береді.

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кеш емес, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін 2020 жылдың 28 қаңтардан бастап 2020 жылдың 12 ақпанына дейін.

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе пошта арқылы не электрондық пошта бойынша жүргізіледі.

Конкурстың өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі 33А ғимараты немесе видео-конференс-байланыс арқылы.

 

Филиалдың байланыс мәліметі:

Түркістан облысы, Түркістан қ., Б.Саттарханов даңғылы 69,

Тел: +7 775 543 81 81, жұмыс тел: 8 (72533) 7-21-04,

Эл.мекенжай: trk.info@apa.kz