Қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін елдегі жалғыз жоғары оқу орны.

Академия филиалы қызметінің мақсаты Академияның Түркістан облысы аумағында оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ретінде Академияның функцияларын жүзеге асыру, Академияның мүдделерін қорғау және білдіру болып табылады.

Миссиясы:

Мемлекеттің стратегиялық міндеттерін тиімді шеше алатын инновациялық, стратегиялық ойлауға қабілетті мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Мемлекеттік қызметшінің санасын өзгертетін және көшбасшылық қасиеттері мен болашақ құзыретін дамытатын оқытудың қысқа мерзімді практикалық-бағдарлы бағдарламаларын әзірлеу, ұйымдастыру және жылжыту
  • Енгізу, білім беру процесіне инновациялық технологияларды оқыту.

Академия филиалы қызметінің мәні: 

  • ҚР жергілікті мемлекеттік органдарының және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерін, дипломатиялық қызмет персоналын, соттарды, сот жүйесінің қызметкерлерін, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери және азаматтық қызметшілерді, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар қызметкерлерін, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайтын тұлғаларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды іске асыру;
  • мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту және енгізу;
  • Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бағытындағы магистратура мен докторантураға кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүйелі жүргізу;
  • қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға жататын ҚР мемлекеттік қызметшілерін оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік қызметшілеріне қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
  • оқытудың практикалық бағыттылығын, оның өңірде мемлекеттік қызметтің нақты міндеттерін шешуге бағдарлануын күшейту мақсатында сабақтар өткізудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін енгізу;
  • ҚР жергілікті мемлекеттік органдарының және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің мемлкетттік қызметшілерін, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар қызметкерлерін, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасайтын тұлғаларды мемлекеттік тіл мен өзге шет тілдеріне оқыту бағдарламаларын іске асыру;
  • Академия филиалы қызметінің шеңберінде консультациялық, ақпараттық және филиал қызметінің мәні аясында семинарлар, жиындар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу өзге де қызметтерді көрсету, жоспар-кестелерін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және оларды Академияға бекітуге ұсыну;
  • Академиямен келісім бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмысқа оқытушыларды, мамандарды тарту,
    оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және шығару.
    Оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау, білім берудің қазіргі заманғы құралдарын пайдалану;
  • Академия филиалының қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру;
  • Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың отандық және халықаралық тәжірибесін, және білім берудің озық технологияларын зерделеу, білім және ғылым саласында форумдар мен конференцияларды өткізу арқылы жалпылау және пайдалану;
    білім және ғылым саласында форумдар мен конференцияларды өткізу арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Академиямен келісім бойынша ғылыми-зерттеу және талдамалық қызмет саласында отандық және халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу және әзірленген ғылыми технологияларды, шығармашылық және зияткерлік еңбектің өнімдерін коммерциялауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.