Тарихы

     «Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалы «Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жарғысының 11 тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлік және жекешелендіру комитетінің  2018 жылғы 14 тамыздағы №КГИП -6-5878 — КГИП -3137 хаты негізінде 2018 жылғы 17 қазанда құрылды.

     Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Академия Жарғысын және өзге де нормативтік актілерді, сонымен қатар  «Қазақстан Республикасы Президентінің  жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалы туралы ережесін басшылыққа алады.

     Филиал қызметінің мақсаты Академияның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ретінде Түркістан облысы  аумағында Академияның  функцияларын жүзеге асыру, Академияның мүдделерін қорғау және білдіру болып табылады.

     Филиал қызметінің мәні  жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын  жүзеге асыру (Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік органдарының және орталық  мемлекеттік органдарының  аумақтық бөлімшелерінің  мемлекеттіек  қызметшілерін, дипломатиялық  қызмет персоналын, соттарды,  сот жүйесінің қызметкерлерін, құқық қорғау органдарының  қызметкерлерін, әскери және азаматтық  қызметшілерді, мемлекеттік  мекемелер, кәсіпорындар  қызметкерлерін, мемлекеттің қатысуымен  заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік  мекемелермен өзара  іс-қимыл жасайтын тұлғаларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды іске асыру), сондай-ақ  мемлекеттік  басқарудағы  жобалық менеджментті дамыту және енгізу.