Notice: Undefined variable: bck in /var/www/clients/client0/web26/web/wp-content/themes/academy/page.php on line 7
>

ВАКАНСИЯ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Түркістан облысы бойынша филиалы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

Бос лауазымдар

Профессор-оқытушылар құрамы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы бос профессор (1-бірлік) лауазымына конкурс жариялайды:

Біліктілік талаптары:

Профессор – PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 8 жыл;

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының (пәндерінің) бағыттары:

  1. Стратегиялық менеджмент
  2. Ойлау дизайны
  3. Жобалық менеджмент: бағдарлама және портфель деңгейлері
  4. Коммуникативті менеджмент
  5. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту
  6. Креативтілік және инновациялар
  7. Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру тақырыптары:

  1. Стратегиялық ойлау және проблемаларды креативті шешу
  2. Өңірлік дамудағы стратегиялық жоспарлау құралдары
  3. Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
  4. Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары
  5. Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы
  6. Жеке және топтық тиімділік. Pro-активті көшбасшы
  7. Бюджеттік қаражатты жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру
  8. Дағдарыс жағдайындағы тиімді коммуникациялар
  9. Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент, стресс-менеджмент
  10. Құзыреттілікті дамыту: көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оны ақпараттандыру
  11. Заманауи HR- құралдар: практикалық қолданылуы

 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін үлгіде) береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) персоналды есепке алу парағы немесе түйіндеме;

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың және ғылыми атағы туралы құжатарының көшірмелері;

3) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін  білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес). Презентация үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және қайта даярлау курстарының кемінде 2 пәнін дайындау қажет.

4) Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (ғылыми жарияланымдарының тізімі, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – хабарландыруды жариялаған күннен бастап 18 күнтізбелік күннен кеш емес, сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін 2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап  2023 жылғы 06 қаңтарға дейін.

 

Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе пошта арқылы немесе электрондық пошта бойынша жүргізіледі.

Конкурстың өтетін жері: филиалдың ғимаратында немесе видео-конференс-байланыс арқылы.

Филиалдардың байланыс мәліметтері: : Түркістан қаласы, Жаңа қала, Әкімшілік-іскерлік орталық, Департаменттер үйі, В корпусы

Тел. 8 (7253) 35-78-50, 8 775 343 72 99,

 Эл.мекенжай: trk.info@apa.kz

Сіздерді үлкен ұжымның бір бөлігі болуға және кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына үлес қосуға шақырамыз!

 

Әкімшілік бөлімі

 

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинеті