
Оқуға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді!
Академия бейінді магистратура бойынша білім беру бағдарламаларына оқуға түсу үшін ағылшын тілін тапсыру бойынша талапты алып тастағандығын хабарлаймыз.
Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификатты ұсыну бойынша талап келесі білім беру бағдарламалары үшін алынып тасталды:
▪️MPA
▪️MPP
▪️MRD
▪️EMPA
▪️MACP
▪️ME
▪️MHRM
‼️MIR, EMBA, DIR, DPA, DE білім беру бағдарламаларына үміткерлер үшін халықаралық сертификаттардың (IELTS немесе TOEFL немесе IELTS INDICATOR, APTIS**, TOEIC, PIPPLET) бірін ұсынуға қатысты талаптар өзгеріссіз қалады:
▪️MIR – IELTS кемінде 4,0 (В1);
▪️EMBA, DIR, DPA, DE – IELTS кемінде 5,5 (В2).
Ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында академиялық дәреже алған үміткерлерге тілдік сертификат ұсыну бойынша талап қолданылмайды.
Академияда оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
☎️ 8(7172) 753395; 8(7172) 753443; 8(7172) 753143