Академия
жаңалықтары

27
Ақпан
Басшылық лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер дәрісі

Академияның Түркістан облысы бойынша филиалында басшылық лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін тағылымы мен тәлімі мол дәріс өтті.

Қонақ дәріскер – өз уақытында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Түркістан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметтерін атқарған, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің ардагері Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы.

Әмірдин Мұхиденұлы мемлекеттік қызметтегі құндылықтар, адал азаматтың, тұғырлы тұлғаның ұстанымдары, жауапкершілік пен бастамашылдық, шыншылдық пен шынайы жанашырлық туралы сөз қозғап, мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесімен бөлісті.

Барлығы
14
Ақпан
«Академия:даму алаңы және көшбасшы әйелдер синергиясы» атты нетворкинг-кездесу өтті

Академияның Түркістан облысы бойынша филиалында «Академия:даму алаңы және көшбасшы әйелдер синергиясы» атты нетворкинг-кездесу өтті.

Барлығы
14
Ақпан
«Тиімді іскерлік коммуникациялар» тренингі

Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастырыуымен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Филал қызметкерлері үшін «Тиімді іскерлік коммуникациялар» тақырыбында тренинг өтті.

Барлығы
06
Ақпан
Академия филиалында Мемлекеттік қызметшілер үшін мотивациялық кездесу өтті.

Мемлекеттік қызметшілер жоғары білікті маман болумен қатар, пайым-парасаты терең, қоғам мүддесін жоғары қоятын, мемлекеттік сана тұрғысынан ойлайтын адал азамат болуы тиіс. Сондықтан, Академия мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзіреттіліктерін шыңдауға ғана емес, олардың тұлғалық дамуына да көңіл бөледі. Осы тұрғыда мотивациялық кездесулердің маңызы зор.
Бүгінгі кездесудің қонағы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Наурызбаев.
Абылайхан Наурызбаев мемлекеттік қызметтегі құндылықтар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, азаматтарға мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, өз міндеттерін жүзеге асыру барысында азаматтардың қажеттіліктерін ескеру, ашықтықты сақтаудың маңыздылығына баса ден қойып, тыңдаушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Барлығы
17
Қаңтар
Сауран ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу

Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова Сауран ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің директоры Абылайхан Наурызбаев, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
Кездесу барысында А. Наурызбаев Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттары, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы және БАҚ-пен жұмыс істеу мәселелеріне тоқталды.
Арайлым Қайратова Академияда мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселелері жайлы ақпарат беріп, «Мемлекеттік қызметшінің шешендік өнері» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруі, көпшілік алдында сөйлеу, БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттесу, мемлекеттік органның коммуникациялық саясатының тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің сөйлеу мәдениеті мәселелері қарастырылды.
Тренинг соңында директор қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс алды.

Барлығы
26
Желтоқсан
«30 жылдыққа 30 кітап» атты оқытушылардың монографиясы

Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында
«30 жылдыққа 30 кітап» атты оқытушылардың монографиясы

Барлығы
07
Қараша
жаһандық еңбек көші-қоны бойынша сарапшылар бас қосты

қарашада Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында, жаһандық еңбек көші-қоны бойынша сарапшылар бас қосты.

Барлығы
29
Қаңтар
Адам ресурстарын басқару орталығының мамандарымен кезекті отырыс

Бүгін Академияның Түркістан облысы бойынша филиалы жанынан құрылған «Мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын дамыту орталығында» жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың Персоналды басқару қызметінің мамандарына арналған «Адам ресурстарын басқару және құзыреттерді дамыту» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде Филиал директоры Айнур Маратқызы Идрисова алғысөз сөйлеп, кадр қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы жаңа күнтізбелік жылдың басталуымен құттықтады.

Келесі сөз алған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Әшірханұлы Суртеков  «Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстары мен біліктілігін арттыру семинарларын әзірлеу және ұйымдастыру қағидаларына» тоқталып, мемлекеттік қызметшілерді атқаратын қызметіне сәйкес біліктілікті арттыру семинарларына жолдауларын ерекше назарға алуды айтты. 

Сондай-ақ, кездесуде Академияның магистратура және докторантура бадарламалары бойынша оқудың артықшылықтары туралы презентация жасалып, персоналды басқару саласының мамандарына мемлекеттік қызметшілерді оқуға тапсыруға алдын-ала бағыт-бағдар беру маңыздылығы айтылды.

Іс-шараның екінші бөлігінде Академияның Адам ресурстарын басқару институты Құзыреттерді бағалау секторының меңгерушісі  Әлия Еркінқызы  Дауешова өңірлік кадр резервін жасақтау, мемлекеттік қызметтегі талант-менеджмент пен персоналды басқарудағы құзыреттіліктерді бағалау бойынша дәріс-тренинг өтті.  

Кездесу соңы қатысушылармен еркін пікір алмасумен жалғасып, Филиал мен мемлекеттік органдар арасындағы жұмыстардың 2023 жылғы  қорытындысына орай персоналды басқару саласының мамандарына арнайы номинациялық марапаттар табысталды.

Барлығы
29
Қараша
«Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды

Академия ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл ресми іссапармен Түркістан облысына келді

Іссапар барысында ректор,  Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен кездесіп, «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысына қатысты. Кездесуде  Абай өсиетіндегі адал азамат ұғымы мен «толық адам» тұжырымасының маңыздылығы туралы ой қозғап, жас мемлекеттік қызметшілер мен тәлімгерлер арасындағы өзара түсіністік пен кәсіби сабақтастықтың болу маңыздылығы жайлы айтты.

Осыдан кейін іссапар барысы Академия филиалы жанынан құрылған «Мемлекеттік қызмет мұражайының» ашылу салтанатымен жалғасты. Мұражайда мемлекеттік қызметшілердің бұрын қолданған кеңсе құрал-жабдықтарынан жұмыс кабинеті көрсетіліп, облысты басқарған әкімдер жайлы ақпараттар берілген. 

Іссапар бағдарламасына сәйкес  Түркістан облысы әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен «Өңірлік кадрлық саясаты» бойынша кездесу өтті.

 Кездесуде ректор Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысы мен Академияның магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің арнайы шақыртуымен «Тағылымы мол жүздесу» атты кездесуге қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

                            

 

 

 

Барлығы
11
Қараша
Мәслихат депутаттарының біліктілікті арттыру семинары

Академияның Түркістан облысы бойынша филиалында облыс мәслихаттарының депутаттары қатысуымен 6-11 қараша аралығында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – депутаттардың жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін қажет құзіреттері мен практикалық дағдыларын арттыру.

Оқыту барысында стратегиялық құжаттар және оның мемлекет басқарудағы рөлі, мәслихат депутаттарының өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері, командамен жұмыс жасаудың тәжірибелік құралдары, көпшілік алдында жария сөз сөйлеу тақырыптары қарастырылды.

Сонымен қатар мәслихат депутаттарының арасында көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті, ұлттық құндылықтарды сіңіру және шешендік өнерді насихаттау мақсатында Түркістан арнасында тікелей эфирде «Дәстүрден тағылым» байқауы өтті.

Барлығы
05
Маусым
ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДЕН БАСТАЛАДЫ

Сіздің өміріңіздегі Мемлекеттік тудың  мәні қандай? Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» қатысушы Филиал тыңдаушыларына осы сауал қойылды.

«Ту абырой, еркіндік, намыс», «Туға қарап болашақ үшін адал шешім қабылдау», «Қайда жүрсең де қазақстандық екеніңді көрсететін мақтанышың», – деген тыңдаушыларымыздың сөзі елге қызмет ету рәміздерді қастерлеуден басталатынын көрсетті. 

Іс-шараға қатысушы спикерлерлерімізден шабыт алған қатысушыларымыз алдағы уақытта өз үйлерінің төріне көк байрағымызды қоюға ниет еткенін жеткізді.

Әр күні теледидардан Әнұран шырқалғанда балабақшадағы балаларымыздың қолын кеудесіне қойып тұра қалғанын көргенде отбасымызбен жанына барып жиналымыз деген спикеріміздің сөзінен тыңдаушыларымыз мемлекеттік рәміздерге деген құрметті баланың жастайынан қалыптасырудың маңызды  екені жөнінде ой түйді. 

«Дөңгелек үстелде» Филиал директоры А. Идрисова  модераторлық жасап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Суртеков пен Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Алипбек сөз сөйледі.

Сонымен қатар, тыңдаушылар арасында мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы жайлы арналған зияткерік викториналар жүргізілді. 

Іс-шара соңында, Жастар ресурстық орталығының белсенді мүшесі Ж.Ашен «Көк тудың желбірегені» әнін домбыраның күмбірлеген әуенімен шырқап қатысушылардың рухын көтеріп тастады.

Барлығы
16
Мамыр
«Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

27-28 сәуір аралығындағы «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, мемлекеттік басқару үрдісіндегі басқару мәдениеті мен адамға бағдарланған зерттеулер мен жаңа жобалар талқыланды.
Конференция 3 бағытта жұмыс жасап: «Ашық үкімет», «Жаңа басқару мәдениеті», «Ашық диалог және әлеуметтік әріптестік», 12 панелдік сессияны қамтыды.
Конференция спикерлері ретінде Мемлекет қайраткерлері, ЖОО орындарының оқытушы-профессорлары, Ғылыми-зерттеу институттары мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрант, докторанттары қатысып, мемлекеттік басқару саласында өзекті мәселелер мен маңызды тақырыптарды талқылады.
Конференцияның басты қонақтарының бірі Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша лауреаты Рае Квон Чунг мырзаның «Экономикалық және әлеуметтік саясат» тақырыбында қонақ-дәріс өткізіп, бүгінгі таңдағы мемлекетпен қоғам арасындағы жауапкершілік арқылы экологиялық мәселелерді шешу жолдарымен таныстырды.
Конференция соңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ректоры Ерлан Қуанышұлы аталған іс-шара алдағы уақытта да мемлекеттік басқару бағытындағы маңызды тақырыптар алаңы ретінде өз жалғасын табады деп атап өтті.

Барлығы
16
Мамыр
Әйелдер көшбасшылығы: Мансап пен отбасы тепе-теңдігі

?Қазіргідей өзгермелі әлемде ?‍?жұмыс пен ?‍?‍?‍?отбасы арасындағы ⚖тепе-теңдікті сақтау әрбір ұжым үшін маңызды. Күнделікті сегіз сағат бойы бірге жұмыс істейтін әріптестеріміздің жұмыстан бөлек маңызды міндеттері мен отбасылық рөлдері бар. Әсіресе, мансап пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау әйел көшбасшыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.
?Академия филиалында 2023 жылғы 02-04 мамыр аралығында ?»Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасы тепе-теңдігі» деп аталатын семинарда мансаптың тік моделін құру үрдісінде әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, басшы әйелдер кезігетін сын-қатерлер мен қиындықтар, мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау және т.б. мәселелерді қарастырылды.
?Оқыту барысында ұсынылған отбасылық және гендерлік саясат аясында зерттеулер тыңдаушылар арасында қызу? пікірталас тудырып, өзара өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Сабақты жүргізген тренер-сарапшылар:
?‍?Байтурова Аида Набиевна – Түркістан облыстық сотының судясы;
?‍?Темірбекова Жанар Амангелдіқызы Zhanar Temirbekova – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры;
?‍?Медетбекова Шолпан Аскарбековна Шолпан Медетбекова – азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қалалық филиалының HR және СМЖ дамыту басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды

Барлығы
15
Мамыр
«Ресми мәтін және жазылым дағдылары» бойынша қонақ дәрісі

Бүгін Академияның Тілдік құзіреттілікті дамыту кабинетінің меңгерушісі, доцент Нәзигүл Төленбергенова «Ресми мәтін және жазылым дағдылары» бойынша Филиалда қонақ дәрісін өтті.
Қайта даярлау курсының тыңдаушылары сабақ барысында ресми стильдің орфографиялық нормалары мен мемлекеттік органдарда құжаттауды және құжаттаманы басқаруды ұйымдастыру бойынша практикалық кейстерді талқылады.
Іс-сапар шеңберінде Нәзигүл Тұрысбекқызы Филиалдың профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасып, өзінің оқыту әдістемесінен бөлісті.

 

Барлығы
09
Қараша
Түркістанда «Тұран жастары» мектепаралық президент сайлауы өтті

✨Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы мен Түркістан қаласы қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқушылар сарайы» бірлесіп «Тұран жастары» мектепаралық президент сайлауын өткізді.
?‍?‍?‍?Балалар жылында қолға алынған аталмыш бастама өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
✊?Болашақтың тұтқасы – жасампаз жастардың қолында.
??Жасөспірімдердің отансүйгіштігі мен жауапкершілігін қалыптастыруға, көшбасшылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жоба – Президент сайлауы қарсаңында жастардың саяси мәдениетін қазірден қалыптасыруды көздейді.
✅Түркістан қаласы бойынша 31 мектептен 9-11 сынып оқушылары арасынан бақ сынасқан 31 президент 5 кезеңнен тұратын мектепаралық президент сайлауына қатысты.
1️⃣Атап айтсақ, бірінші кезеңде үміткерлер эссе жазды. Эссе нәтижесі бойынша қатысушылар келесі кезеңге өтті.
2️⃣Екінші кезеңде әр үміткер 1 минуттық бейнероликте өзін таныстырады. Бейнеролик Оқушылар сарайының инстаграм және фейсбук парақшасында жарияланды. Бейнероликтің қаралымы және лайк саны дауыс беру кезеңінде жеңімпазды анықтауда әсер етті.
3️⃣Үшінші кезең интеллектуалды викторина болды. «Алатау» медиа орталығында тікелей эфирде өткен сайысқа жеребе арқылы әр айналымға 5 үміткерден қатысты. Әр айналымнан 1 үміткер жеңімпаз атанып, келесі кезеңге 4 үміткер өтті.
4️⃣Төртінші кезеңге шыққан үміткердің әрбіріне тәлімгерлер тағайындалды. Атап айтсақ:
1) №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінің президенті Сапаров Бахытханға – «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Т.А. Бейсенов;
2) №6 М. Мәметова атындағы жалпы орта мектебінің президенті Абсаттар Нұрайға – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.М. Идрисова;
3) №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің президенті Жолдасқызы Аяулымға – Академия Филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі А.А. Ахметова;
4) №12 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінің президенті Дүйсен Дастанға – Академия Филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға оқытушысы Н.Е.Досанов.
??Өз жобаларын сәтті қорғап шыққан барлық үміткерге Академия филиалы тарапынан Сейітахмет Құттықадамның «Ұлтқа қызмет ету: мемлекет басқарудың әлемдік 10 мысалы» кітабы сыйға тартылды.
5️⃣Бесінші кезеңде 4 үміткерге жасырын дауыс беру рәсімі болды. Оқушылар сарайында жасалған арнайы сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесі таңғы сағат 8.00-де басталып кешкі сағат 19.00-де аяқталды. Сайлау учаскесінде жасырын дауыс беру кабиналары мен дауыс беру бюллетендерін салатын арнайы жәшік пен арыз-шағымдар жәшігі жасалды. Сонымен қатар, бақылаушылар мен сарапшылар жұмыс істеді. Дауыс берушілерге бюллетенде 4 үміткермен қатар «бәріне қарсы және жарамсыз» деген таңдау жасау мүмкіндігі қарастырылды. Жалпы дауыс беруге 1235 адам қатысты. Сайлауға мектеп балаларынан бастап, ата-аналар мен қарияларға дейін қатысып белсенділік танытты. Дауыс беру қорытындысы бойынша арнайы хаттама жасалды.
?Сайлау қорытындысы 2 қараша 16:00-де жеңімпазды марапаттау гала- концерті арқылы өтті.
?Өскелең ұрпақтың білім, тәрбие, ғылым, шығармашылық тұрғыдан потенциалын жетілдіру арқылы елдің бүгіні мен болашағына қатысты мүдделерін қалыптастыруда шараның жастарға берері мол.
Нәтиже бойынша:
? Сапаров Бақытхан «ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕПАРАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТІ» атанып, «Amanat» партиясының 1 жылдық шәкіртақсына ие болды.
?Президент оқушылар мен ұстаздар алдында «Қалалық мектеп президентінің» антын қабылдады.
Оқушылар сарайына алғысымызды білдіре отырып, ынтымақтастығымыз артады деп сенімдіміз.

Барлығы