Мемлекеттік қызметшілер жоғары білікті маман болумен қатар, пайым-парасаты терең, қоғам мүддесін жоғары қоятын, мемлекеттік сана тұрғысынан ойлайтын адал азамат болуы тиіс. Сондықтан, Академия мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзіреттіліктерін шыңдауға ғана емес, олардың тұлғалық дамуына да көңіл бөледі. Осы тұрғыда мотивациялық кездесулердің маңызы зор.
Бүгінгі кездесудің қонағы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Наурызбаев.
Абылайхан Наурызбаев мемлекеттік қызметтегі құндылықтар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, азаматтарға мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, өз міндеттерін жүзеге асыру барысында азаматтардың қажеттіліктерін ескеру, ашықтықты сақтаудың маңыздылығына баса ден қойып, тыңдаушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
Академия филиалында Мемлекеттік қызметшілер үшін мотивациялық кездесу өтті.
