Академияның Түркістан облысы бойынша филиалында облыс мәслихаттарының депутаттары қатысуымен 6-11 қараша аралығында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – депутаттардың жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін қажет құзіреттері мен практикалық дағдыларын арттыру.
Оқыту барысында стратегиялық құжаттар және оның мемлекет басқарудағы рөлі, мәслихат депутаттарының өз өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері, командамен жұмыс жасаудың тәжірибелік құралдары, көпшілік алдында жария сөз сөйлеу тақырыптары қарастырылды.
Сонымен қатар мәслихат депутаттарының арасында көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті, ұлттық құндылықтарды сіңіру және шешендік өнерді насихаттау мақсатында Түркістан арнасында тікелей эфирде «Дәстүрден тағылым» байқауы өтті.