Жаңалықтар

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДЕН БАСТАЛАДЫ

Сіздің өміріңіздегі Мемлекеттік тудың  мәні қандай? Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» қатысушы Филиал тыңдаушыларына осы сауал қойылды.

«Ту абырой, еркіндік, намыс», «Туға қарап болашақ үшін адал шешім қабылдау», «Қайда жүрсең де қазақстандық екеніңді көрсететін мақтанышың», – деген тыңдаушыларымыздың сөзі елге қызмет ету рәміздерді қастерлеуден басталатынын көрсетті. 

Іс-шараға қатысушы спикерлерлерімізден шабыт алған қатысушыларымыз алдағы уақытта өз үйлерінің төріне көк байрағымызды қоюға ниет еткенін жеткізді.

Әр күні теледидардан Әнұран шырқалғанда балабақшадағы балаларымыздың қолын кеудесіне қойып тұра қалғанын көргенде отбасымызбен жанына барып жиналымыз деген спикеріміздің сөзінен тыңдаушыларымыз мемлекеттік рәміздерге деген құрметті баланың жастайынан қалыптасырудың маңызды  екені жөнінде ой түйді. 

«Дөңгелек үстелде» Филиал директоры А. Идрисова  модераторлық жасап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Суртеков пен Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Алипбек сөз сөйледі.

Сонымен қатар, тыңдаушылар арасында мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы жайлы арналған зияткерік викториналар жүргізілді. 

Іс-шара соңында, Жастар ресурстық орталығының белсенді мүшесі Ж.Ашен «Көк тудың желбірегені» әнін домбыраның күмбірлеген әуенімен шырқап қатысушылардың рухын көтеріп тастады.