?Қазіргідей өзгермелі әлемде ??жұмыс пен ????отбасы арасындағы ⚖тепе-теңдікті сақтау әрбір ұжым үшін маңызды. Күнделікті сегіз сағат бойы бірге жұмыс істейтін әріптестеріміздің жұмыстан бөлек маңызды міндеттері мен отбасылық рөлдері бар. Әсіресе, мансап пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау әйел көшбасшыларға үлкен жауапкершілік жүктейді.
?Академия филиалында 2023 жылғы 02-04 мамыр аралығында ?»Әйелдер көшбасшылығы: мансап пен отбасы тепе-теңдігі» деп аталатын семинарда мансаптың тік моделін құру үрдісінде әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, басшы әйелдер кезігетін сын-қатерлер мен қиындықтар, мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау және т.б. мәселелерді қарастырылды.
?Оқыту барысында ұсынылған отбасылық және гендерлік саясат аясында зерттеулер тыңдаушылар арасында қызу? пікірталас тудырып, өзара өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Сабақты жүргізген тренер-сарапшылар:
??Байтурова Аида Набиевна – Түркістан облыстық сотының судясы;
??Темірбекова Жанар Амангелдіқызы Zhanar Temirbekova – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры;
??Медетбекова Шолпан Аскарбековна Шолпан Медетбекова – азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қалалық филиалының HR және СМЖ дамыту басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды
Әйелдер көшбасшылығы: Мансап пен отбасы тепе-теңдігі
