Жаңалықтар

Түркістанда «Тұран жастары» мектепаралық президент сайлауы өтті

✨Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы мен Түркістан қаласы қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқушылар сарайы» бірлесіп «Тұран жастары» мектепаралық президент сайлауын өткізді.
?‍?‍?‍?Балалар жылында қолға алынған аталмыш бастама өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
✊?Болашақтың тұтқасы – жасампаз жастардың қолында.
??Жасөспірімдердің отансүйгіштігі мен жауапкершілігін қалыптастыруға, көшбасшылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жоба – Президент сайлауы қарсаңында жастардың саяси мәдениетін қазірден қалыптасыруды көздейді.
✅Түркістан қаласы бойынша 31 мектептен 9-11 сынып оқушылары арасынан бақ сынасқан 31 президент 5 кезеңнен тұратын мектепаралық президент сайлауына қатысты.
1️⃣Атап айтсақ, бірінші кезеңде үміткерлер эссе жазды. Эссе нәтижесі бойынша қатысушылар келесі кезеңге өтті.
2️⃣Екінші кезеңде әр үміткер 1 минуттық бейнероликте өзін таныстырады. Бейнеролик Оқушылар сарайының инстаграм және фейсбук парақшасында жарияланды. Бейнероликтің қаралымы және лайк саны дауыс беру кезеңінде жеңімпазды анықтауда әсер етті.
3️⃣Үшінші кезең интеллектуалды викторина болды. «Алатау» медиа орталығында тікелей эфирде өткен сайысқа жеребе арқылы әр айналымға 5 үміткерден қатысты. Әр айналымнан 1 үміткер жеңімпаз атанып, келесі кезеңге 4 үміткер өтті.
4️⃣Төртінші кезеңге шыққан үміткердің әрбіріне тәлімгерлер тағайындалды. Атап айтсақ:
1) №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінің президенті Сапаров Бахытханға – «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Т.А. Бейсенов;
2) №6 М. Мәметова атындағы жалпы орта мектебінің президенті Абсаттар Нұрайға – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.М. Идрисова;
3) №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің президенті Жолдасқызы Аяулымға – Академия Филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі А.А. Ахметова;
4) №12 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінің президенті Дүйсен Дастанға – Академия Филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға оқытушысы Н.Е.Досанов.
??Өз жобаларын сәтті қорғап шыққан барлық үміткерге Академия филиалы тарапынан Сейітахмет Құттықадамның «Ұлтқа қызмет ету: мемлекет басқарудың әлемдік 10 мысалы» кітабы сыйға тартылды.
5️⃣Бесінші кезеңде 4 үміткерге жасырын дауыс беру рәсімі болды. Оқушылар сарайында жасалған арнайы сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесі таңғы сағат 8.00-де басталып кешкі сағат 19.00-де аяқталды. Сайлау учаскесінде жасырын дауыс беру кабиналары мен дауыс беру бюллетендерін салатын арнайы жәшік пен арыз-шағымдар жәшігі жасалды. Сонымен қатар, бақылаушылар мен сарапшылар жұмыс істеді. Дауыс берушілерге бюллетенде 4 үміткермен қатар «бәріне қарсы және жарамсыз» деген таңдау жасау мүмкіндігі қарастырылды. Жалпы дауыс беруге 1235 адам қатысты. Сайлауға мектеп балаларынан бастап, ата-аналар мен қарияларға дейін қатысып белсенділік танытты. Дауыс беру қорытындысы бойынша арнайы хаттама жасалды.
?Сайлау қорытындысы 2 қараша 16:00-де жеңімпазды марапаттау гала- концерті арқылы өтті.
?Өскелең ұрпақтың білім, тәрбие, ғылым, шығармашылық тұрғыдан потенциалын жетілдіру арқылы елдің бүгіні мен болашағына қатысты мүдделерін қалыптастыруда шараның жастарға берері мол.
Нәтиже бойынша:
? Сапаров Бақытхан «ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕПАРАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТІ» атанып, «Amanat» партиясының 1 жылдық шәкіртақсына ие болды.
?Президент оқушылар мен ұстаздар алдында «Қалалық мектеп президентінің» антын қабылдады.
Оқушылар сарайына алғысымызды білдіре отырып, ынтымақтастығымыз артады деп сенімдіміз.