Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова Сауран ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің директоры Абылайхан Наурызбаев, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
Кездесу барысында А. Наурызбаев Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттары, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы және БАҚ-пен жұмыс істеу мәселелеріне тоқталды.
Арайлым Қайратова Академияда мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселелері жайлы ақпарат беріп, «Мемлекеттік қызметшінің шешендік өнері» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруі, көпшілік алдында сөйлеу, БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттесу, мемлекеттік органның коммуникациялық саясатының тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің сөйлеу мәдениеті мәселелері қарастырылды.
Тренинг соңында директор қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс алды.
Сауран ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу
