Жаңалықтар

ҮЗДІК ЖАСТАРДЫ БІРІКТІРЕТІН КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлау алды бағдарламасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыруды міндеттеген болатын.
Осыған орай, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Б.Исақов 2019 жылдың 6 қыркүйегінде еліміздегі үздік Жастардың басын қосатын Президенттік кадр резерві туралы брифинг өткізді.