Жаңалықтар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТРЕНИНГ

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне стреске төзімділікті, халықпен ықпалдасу дағдыларын, қақтығыстардың алдын алудың әдістерін, менеджмент пен жобалық басқару құралдарын үйрету мақсатында Академия филиалы «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарын ұйымдастырды. Тренинг келесі модульдардан тұрады:

* 1-модуль – Халықпен тиімді коммуникация дағдылары.

* 2-модуль – Стратегиялық ойлау және басқару технологиялары.

* 3-модуль – Жобалық менеджмент.

Тренингтер соңында жобалық менеджменттің негізгі құралдарын меңгерген тыңдаушылар өз салалары бойынша жобалар әзірледі.

Семинарға Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге Көліктік бақылау инспекциясы, Төтенше жағдайлар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің қызметшілері оқытылды.