Жаңалықтар

ӨҢIPЛIK ДАМУҒА ҮЛЕС ҚОСАТЫН ЖОБАЛАР ҚОРҒАЛДЫ

Филиалда қайта даярлау курсын тәмамдаған тыңдаушылар өңipдiң дамуына бағытталған төмендегi жобаларын қорғады.

1. «Ана – алтын қазына» әлеуметтік жобасы:

Облыстағы ана мен бала денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту мақсатында «Ана – алтын қазына» әлеуметтік жобасы ұсынылды.

Жоба Түркістан облысының жүкті әйелдерi мен бала күтімі демалысындағы сәбилі аналардың медициналық-әлеуметтік орталығын құру және әйелдерге көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық және практикалық қызметтердiң жоғарғы санатын қалыптастыруды мақсат тұтады.