Академия
жаңалықтары

05
Мамыр
ОНЛАЙН СЕМИНАРЛАРДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

✔️ Бүгін экономикалық процестерді басқару және әлеуметтік желілер тақырыбындағы онлайн семинарларды облысымыздан 61 мемлекеттік қызметші бітіріп, Академияның электронды сертификатын иеленді. Бұл жолы да қатысушылар белсенділік танытып, жаңа білімге қызығушылық білдірді.

➡️ Тыңдаушылар өңірдің экономиканы талқылап, практикалық шешімдер мен басқару технологияларын меңгерді.

➡️ Екінші топ тыңдаушылары әлеуметтік желілер, цифрлық коммуникация, шешендік өнер, жария сөйлеу дағдыларын дамытты.

 Тыңдаушылар оқудың жақсы өткенін және мұндай тренингтерді жиірек өткізу керектігіне назар аударып, Академияға және тренерлерге ризашылықтарын білдірді.

Барлығы
05
Наурыз
ІШКІ САЯСАТ МАМАНДАРЫ ДАҒДАРЫСТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРДІ

 2-4 наурызда Академия филиалында Қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, «Дағдарыстық коммуникациялар: өзара ықпалдастықтың тиімді механизмдері» тақырыбында ішкі саясат, қоғамдық даму және полиция қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар басталды. Семинар ашылуында филиал директоры Ж.Момынқұлов, Басқарма басшысының орынбасары, Академия түлегі Қ.Абуов, Ақпараттық-талдау орталығы директоры С.Айкөзов өз ойларын ортаға салды. Аталған семинарлар легі барлық өңірлік филиалдарда өткізіледі.

Оқудың мақсаты: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бастамасы негізінде халықпен тиімді байланысты – коммуникациялық құзыреттіліктерді дамыту.

ДӘРІСТЕРГЕ ШОЛУ:
– Қоғамдық диалог. Мемлекетпен пен қоғам арасындағы сұхбат
– Халықпен өзара әрекет және коммуникациялар
– Әлеуметтік дағдарыстарды басқару стратегиясы
– Дағдарыс кезінде әртүрлі топтармен келіссөз жүргізу
– Эмоционалды көшбасшылық. Стреске төзімділік.
– Көпшілік алдында жария сөз сөйлеу, конфликт-менеджмент
– Мемлекеттік қызметшілер қызметінде әлеуметтік желілер (SMM)
– Әлеуметтік желілерге талдау жасау
– Әлеуметтік және ақпараттық саясат
– Ұлтаралық және дінаралық қақтығыстардың алдын алу жолдары

ДӘРІСКЕРЛЕР:
РЫСБЕКОВ Ғани – Түркістан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі;
ОРМАНОВ Бектай – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (КИСИ) Түркістан өңірлік өкілдігінің жетекшісі, әлеуметтанушы;
КАШАҒАНОВА Салтанат – танымал коуч, ментор, психолог, бизнес тренер;
БЕРЛІБАЙ Ақерке (ВКС 3.3.20) – ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Баспасөз-хатшысы, медиа-тренер;
АЙКӨЗОВ Сейдулла – Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Ақпараттық-талдау орталығының директоры, ғылым кандидаты, сарапшы;
ХАЛЫҚОВ Медет – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы.

Барлығы
20
Ақпан
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ФИЛИАЛДА АРНАЙЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Академияның облыстық филиалында Түркістан қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Жәнібек Наушабайұлы Наушабайдың қатысуымен мемлекеттік қызметшілермен арнайы кездесу өтті.  

Академияның Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің және Duke University (АҚШ) түлегі  келесі тәжірибелерімен бөлісті:   

     

Ж.Наушабайұлы Академияда оқудың келесі артықшылықтарын атап өтті: 

мемлекет есебінен арнайы жаңа білім алу, жан-жақты жеке даму, шет тілін үйреніп шетелде тәжірибе алу, тиімді байланыс/нетворкинг орнату, практикалық дағдылар мен теориялық білімді тереңдету, зерттеу-аналитикалық жұмыс, ірі мемлекет қайраткерлерінен, шетелдік профессорлардан дәріс алу.   

Түркістан қаласының даму перспективалары мен маңызды мәселелері туралы жаңа ақпаратпен бөлісті. Түркістан қаласындағы жаңа өзгерістер, салынып жатқан объектілер, қалада халықаралық туризм орталығы жобасын жүзеге асыруға қажетті арнайы орта, инфрақұрылым мен шаралар (қауіпсіздік, инфрақұрылым, тазалық, жолдар, бизнес орталықтар) туралы аудиторияға айтып берді.  

Жәнібек Наушабайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бастамасына айрықша тоқталып, халықпен диалогты нығайтуға бағытталған түсіндірме шаралары туралы кеңінен баяндады. Шарадан кейін Жәнібек Наушабайұлы филиалда оқып жатқан басшыларға «Мемлекеттік органдардағы стратегиялық HR-менеджмент»;  «Мемлекеттік органда еңбек заңнамасын қолдану мен тәртіптік практика» тақырыптарында  арнайы дәріс оқыды. 

Барлығы
18
Ақпан
ДОЦЕНТІМІЗ ЕҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫН АЛДЫ

🔹 Академияның Түркістан қаласындағы облыстық филиалы әріптесіміз Алмас Құралбаевты Almas Kuralbayev (PhD, ҚазҰЖҒА корр.-мүшесі, ассессор) арнайы грант ұтып алуымен шын жүректен құттықтайды

🔹 Сиракуз университетінің (Maxwell School of Citizenship and Public Affairs) Максвелл мектебі Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan профессор-оқытушылар құрамы үшін «Faculty Visiting Grant» грантын тағайындаған болатын.

🔹 Сиракуз университетінің Максвелл мектебі қазір әлемде мемлекеттік менеджемент және мемлекеттік басқару саласында жетекші орынды иеленеді! 

🔹Аталған гранттың мақсаты – Академия оқытушыларына кәсіби байланыстарды кеңейтіп, оқытудың жаңа тәсілдерін зерделеуге және зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру.

🔹 Сонымен бірге, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің профессоры Жұлдыз Даулетбаеваны Zhuldyz Davletbayeva осы грантты ұтып алуымен құттықтаймыз!

🔹АҚШ-та өтетін екі апталық бағдарлама аясында аталған сарапшылар Американың мемлекеттік басқару жүйесімен танысады, оқыту әдістері, силлабустар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тренингтер өтеді, ғылыми мақалалар жазу мен зерттеулер жүргізудің жаңа әдістемелерімен танысып, Сиракуз университетінің профессорларымен тәжірибе алмасады.

Әріптестерімізге табыс және жемісті жұмыс тілейміз❗️

Академияға филиал маманының дамуы үшін жасалған зор мүмкіндіктер үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. ❗️

#Maxwell_Faculty_Visiting_Grant_Apa

Барлығы
03
Ақпан
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АКАДЕМИЯ ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан филиялында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент  басшысы Исақов Болат Алмұханұлының қатысуымен филиалда қайта даярлау курсында және біліктілігін арттыру семинарында оқып жатқан мемлекеттік қызметшілермен арнайы кездесу ұйымдастырылды. 

Еркін форматта өткен басқосуда Болат Алмұханұлы Мемлекет басшысының Жолдауын және мемлекеттік қызмет туралы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында сөз қозғады.

Сонымен қатар, жиында еліміздегі мемлекеттік басқару саласында негізгі бағыттары мен жүйелі жоспарлары талқыланды.

Үстіміздегі жылдың алғашқы тыңдаушылары Департамент басшысымен пікір алмасып, сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Мемлекеттік қызметшілер филиалдағы оқу бағдарламаларының қажеттілігін атап өтті. Кездесу соңында департамент басшысы филиалдың өңірлік маңызын атап өтіп, тыңдаушыларға сәттілік тіледі.

Барлығы
03
Ақпан
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САРАПТАМА

29 қаңтарда Түркістан қаласында Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп филиалда «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу» тақырыбында 1 күндік семинар өтті. 

Модератор әрі сарапшы-тренер Зауреш Батталова болды. З. Қабылбекқызы – Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қорының президенті. 

Семинарға арнайы департамент қызметкерлері, облыстық мәслихат, «Түркістан адалдық алаңы», арнайы бақылау тобы, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылар мен докторанттар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, заңгерлер, сондай-ақ филиал қызметкерлерін қосқанда 46 тыңдаушы тіркеліп, барлығы дерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу әдістемесімен танысып сертификатталды. Қызу талқылаумен өткен семинар соңында тыңдаушылар қонақ сарапшыға шынайы ризашылығын білдірді.

Семинарда келесі мәселелер зерделенді:
– Нормативтік құқықтық акті жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысы
– Тілдің жетіспеушілігіне байланысты сыбайлас жемқорлық факторлары
– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерінің болмауына байланысты сыбайлас жемқорлық факторлары.

Барлығы
22
Қаңтар
ФИЛИАЛ 2020 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАДЫ !

2020 жылғы 20 қаңтарда Академияның Түркістан облыстық филиалында

«Тиімді басшы: Мінсіз команда құруға 7 қадам» тақыбында біліктілігін арттыру семинары басталды.

Сонымен қатар, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілер үшін қайта даярлау курсы да басталды.

Семинарды Академия филиалының директоры, филос.ғ.к. Ж.Б.Момынқұлов ашып,

🔹 осы жылдың алғашқы курсы пен семинары қатысушыларын оқудың басталуымен құттықтады;
🔹 тыңдаушыларды Академияның білім саясаты мен магистратура бағдарламалары жөнінде ақпараттандырды;
🔹 тыңдаушыларға Академия филиалында оқу барысы мен нәтижесінде жарқын жетістіктер және жеке дамудың жаңа шыңына көтерілуді тіледі.

Тимбилдинг пен бойынша тренингті білікті коуч, бизнес-тренер Салтанат Кашаганова, Жанат Атаева, Нұрлан Ажиханов, Гулмира Мұсабекова 👍жүргізеді.

Оқу кезінде мемлекеттік қызметшілер жеке құзыреттіліктер мен басқа да маңызды пәндер туралы молынан ақпарат алып, тренинг барысындағы тәжірибелік жаттығулар, талқылаулар, ойындар түрінде оқу компоненттерін менгереді:

жауапкершілік, жұртшылық алдында сөз сөйлеу, бастамашылдық, ынтымақтастық, күйзеліске төзімділік, коучинг, қызметті тұтынушыға бағдарлау, жеделдік, стратегиялық жоспарлау, шешім қабылдау, ойлау дизайны, стратегиялық, бағдарламалық құжаттар, болашақтың құзыреттіліктері, өңірдің даму стратегиясы, жобалық менеджмент ж.т.б.

Барлығы
14
Қаңтар
ФИЛИАЛ АЛҒАШҚЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

✔️МАҚСАТ: 2019 жыл филиалдың оқу-әдістемелік негіздері қалыптасып, тәжірибе жинақтап, танылу жылы болды. Академияның оқу стандарттары мен сапа көрсеткіштерін жаңа облыс орталығына енгізу мақсаты орындалды.

✔️СТАТИСТИКА: Түркістан облысы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қолдауымен 2019 жылы филиал 1246 азаматты, оның ішінде 1171 (шарт негізінде – 1049) мемлекеттік қызметшіні 51 біліктілігін арттыру семинары мен 11 қайта даярлау курсында оқытты. 

✔️ТЫҢДАУШЫЛАР: облыс әкімінің аппараты, аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары, басқарма басшылары мен орынбасарлары, ауыл әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен полиция департаментінің басшылық құрамы, персоналды басқару бөлім басшылары, баспасөз хатшылары, мемлекеттік органдар өкілдері. 14 қала, аудан әкімдері «Өңірлік дамуды трансформациялау» және 84 ауыл әкімі жергілікті өзін-өзі басқару бойынша оқытылды.

✔️ДӘРІСТЕР: Сыбайлас жемқорлықпен күрес, латын графикасы, халықпен байланыс, жобалық менеджмент, құзыреттіліктер, цифрландыру, өзіндік даму, өңірдің даму жоспары, туризм, агроөнеркәсіп, жергілікті басқару ж.т.б.

✔️ЖОБАЛАРЫМЫЗ «Идеялар фабрикасы» аясында облыс әкімі Ө.Шөкеев пен тиісті Агенттік төрағасы А.Шпекбаев тарапынан жоғары бағаланды. Биыл 60 жоба әзірленіп, кейбірі Жобалық кеңсеге ұсынылды.
Жазда облыс басшылығы М.Отарбаев, Е.Садыр, Ұ.Тәжібаевтың қатысуымен филиалда кездесулер өтті. Академия ректоры Е.Әбіл филиалға арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілер алдында дәріс өткізді.

✔️ТРЕНИНГ: «Development Day» жобасы аясында Облыстық сотқа рухани жаңғыру, өзіндік даму; Халыққа қызмет көрсету орталығына – жауапкершілік, парасаттылық, Арнайы мониторингтық топ, мемлекеттік қызмет департаментіне өзіндік даму бойынша тегін тренингтер өтті.

✔️ ӘЛЕУМЕТ: Оқумен шектелмей, Арыстағы көп балалы 40 отбасыға «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы аясында мектеп киімі таратылды. Жастар жылына орай, 50 студентке «Парасаттылық» жазғы мектебі өткізілді.

🗓 ЖОСПАР: 2020 жылға филиалдың жоспары көп. Филиал қос қанатын кеңге жайып, ілкімді даму жылы боларына сенім зор. Тыңдаушылар саны да, атқарар шаралар да көбеймек. Өз атына сай жетекші кәсіби даму, бірегей оқу орталығы ретінде қызмет беретін болады.

Барлығы
19
Желтоқсан
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!!!

📕 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалы 2020 жылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына төмендегі тақырыптар бойынша дәріс жүргізуге профессор-оқытушылар арасында конкурс жариялайды:

1. Көшбасшылық және эмоциялық интеллект
2. Шешендік өнер
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару.Стратегиялық ойлау.
4. Ынтымақтастық
5. Тайм және стресс менеджмент
6. Өзін-өзі дамыту
7. Жеделдік
8. Күйзеліске төзімділік
9. Тиімді коммуникация дағдылары
10. Келіссөздер жүргізу және конфликт менеджмент
11. Коммуникативтік менеджмент
12. HR менеджмент
13. Жауаптылық және бастамашылдық
14. Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру
15. Ақпараттық және киберқауіпсіздік
16. Ауқымды деректер негізінде шешім қабылдау
17. Өңірлік саясат: өңірлік даму жоспарын енгізу
18. Өңірлік жобаларды дамытуда мемлекет пен жеке сектор арасындағы серіктестік
19. Жергілікті өзін-өзі басқару
20. Үлкен деректерді талдау
21. Өңірлік жастар ұйымдарымен ынтымақтастық
22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
23. Коммуналды меншікті басқару
24. Дербес бюджеттік процесс
25. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы реформалар
26. Бюджеттік мониторинг. Бюджеттік инвестициялық жобаларды басқару
27. Өңірлік агроөнеркәсіп кешенін дамыту
28. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері
29. Халық үніне құлақ асатын мемлекет
30. E-қызмет, қызмет тиімділігін бағалау
31. Кәсіпкерлік пен туризм саласын дамыту
32. Мемлекеттік жастар саясаты
33. Жастар ұйымдарымен серіктестік: өңірдің дамуы үшін мүмкіндіктер

📕 Біліктілік талаптары:
PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше), ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), жоғары білім, магистр дәрежесінің болуы;

ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

📕 Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Резюме

2) Презентация үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және қайта даярлау курстарының кемінде 2 пәнін дайындау қажет.

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмесі, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Академия филиалы директорларының атына (еркін үлгіде) өтініш береді.

📕 Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі – 2019 жылдың 20 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін.
Конкурстың өтетін жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 69
Тел: 8 (7253) 372104 Эл.мекенжай: trk.info@apa.kz

Барлығы
05
Желтоқсан
ФИЛИАЛДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ

Академия филиалдарында жаңа білім беру стандарттарын практикаға енгізу мақсатында профессорлық-оқытушылық құрамның дамуына үнемі инвестиция салынып, біліктілігін арттыру семинарлары тұрақты ұйымдастырылады.

1. Филиалдың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің менгерушісі Н.Ажиханов пен доцент А.Құралбаев 25-29 қарашада «Жобаларды басқару» тақырыбында Академияның Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған біліктілікті арттыру семинарына қатысып, жобалық менеджменттің #ISO-21500 2014 стандартын жүзеге асыру және оны мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттырудағы мүмкіндіктерімен танысты.

2. Филиалдың аға оқытушысы, ғылым магистрі Нұрбай Досанов 28-29 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандартын менгеру мақсатында Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығы «ISO 37001. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің жүйесі: қолдану талаптары мен ұсынымдары» тақырыбында өткізген 2 күндік семинарды тәмамдап сертификатталды.

Барлығы
03
Желтоқсан
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІСКЕР ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСТІ

Қазіргі мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджмент тәсілдерін енгізу және аталған бағытты дамыту мақсатында Академия филиалдарында мемлекеттік қызметшілерге жобаларды басқарудың қыр-сыры үйретіледі. Бұл тәсілдер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға жәрдемдеседі.

Академияның Түркістан облыстық филиалында осы үрдіс жалғасын тауып, жобаларды басқару бойынша оқыту бағдарламаларына білікті және сертификатталған мамандар қатысуымен өңірдің стратегиялық даму басымдықтары, бюджеттік инвестициялық жобалар, басқару технологиялары (project және change management) тақырыптары оқытылып келді.

Осы жолы да, тыңдаушыларға жобалық менеджменттің негіздерін оқыту және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалының аға оқытушысы, ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкес «Жобаның басшысы» сертификатының иегері Сүлейменова Толғанай Оралбекқызы арнайы шақырылды.

Түркістандық мемлекеттік қызметшілермен өз білім-тәжірибесімен жүйелі түрде бөлісіп, тыңдаушылардың ризашылығына ие болған дәріскерге, филиалымыз атынан Академияның Жамбыл облыстық филиалына әріптестік пен қолғабыс үшін алғыс білдіреміз.

Барлығы
28
Қараша
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІМЕН ЫҚПАЛДАСТЫҚ АРТПАҚ

Түркістан облысының Жобалық Кеңсесіне ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы қызметкерлері өңірлік жобалардың қалай кезең-кезеңімен іске асырылатынын көріп қайтты. Біздің орталық елімізде іс жүзінде жұмыс істеп тұрған бірден-бір кеңсе.

Кеңсе жетекшісі Асхат Махин жобалық кеңсенің мақсаты, жұмыс ерекшелігі туралы айтып, жұмыс жоспарын жүзеге асыру туралы арнайы презентация жасады.

Тыңдаушылар жобаларды әзірлеу және сүйемелдеу туралы сұрақтар қойып, жобаларды іске асыру сатылары мен тәуекелдері туралы жауап алды.

2019 жылғы маусым айында Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеев Академия филиалы жобалық кеңсемен бірге жұмыс істеу керектігін айтып, ал басқармаларға Академия филиалында әзірленген жобалар бойынша бірлесіп жұмыс жасау керетігін шегелеп айтқан болатын.

Дәстүр бойынша филиалда оқыған тыңдаушылар, екі топ ауыл әкімдері осы кеңсенің жұмысымен арнайы танысты.

Кеңсенің жетекшілігімен инфрақұрылым, адами капитал, кәсіпкерлік, агрокешен және мемлекеттік қызметтер бойынша 1500-ға жуық жоба жүзеге асырылуда.

Кеңсенің мақсаты – мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында қағазбастылықты азайтып, кедергілерді жою, мәселелерді тез шешуге атсалысу.

Академия филиалы бұдан былай кеңсемен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер қорғаған жобаларды сұрыптап, озықтарын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты арттырмақшы.

Барлығы
25
Қараша
ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Академияның Түркiстан облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбілмен арнайы кездесу болып өтті. Ректор жұмыс сапары аясында облыстың басшылығымен кездесу мақсатында Түркiстан қаласында болды.

Бұған қоса, филиалда Ерлан Қуанышұлымен кездесу өтіп, ректор басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілермен және мемлекеттік органдар басшыларымен емін-еркін сұхбат құрып, пікір алмасты.

Таныстырылған жобалар қатысушылар тарапынан қызу талқыланып, тыңдаушылар өз сұрақтарын тікелей қойып, ректор мемлекеттік басқару саласына қатысты білімімен және жобалық менеджмент бойынша өзінің құнды тәжірибесімен аудиториямен бөлісті.

Жобаларды талқылауға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов, комиссияға Кентау қаласы Кентау Қаласының Әкімдігі әкімінің орынбасары Бекайдар Алимбетов, Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы П.Қонысбаева және Түркістан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Д.Исабаев қатысты.

Жобалардың барлығының жетекшісі Мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінің түлегі (ENA, Франция), жобалық сарапшы, тренер Айнұр Идрисова болды.

Жобалар ректор мен комиссия тарапынан жоғары бағаланып, Кентау қаласы әкімдігінің өкілі туризм жобасын қолдады. Қалған жобалар да аталған елді мекеннің мәселлеріне назар аударатын болады. Тыңдаушыларға ректордың қолынан арнайы куәліктер тапсырылды.

Одан кейін Ерлан Әбіл филиал ұжымымен кездесіп, стратегиялық бағыттарды іске асыру үшін мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, филиал қызметін келесі даму сатысына көтеру, жаңа талаптарға сай мемлекеттік органдарға қызмет көрсету сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мақсат-міндеттерін айқындап берді.

Барлығы
25
Қараша
АКАДЕМИЯ РЕКТОРЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСТЫ

2019 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Абил жұмыс сапарымен Түркiстан қаласына арнайы келіп, Академияның облыстық филиалының тыныс-тіршілігімен танысып, басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілердiң өңірлік жобаларын қорғауға қатысты.

1. «Жер жаннаты – Ащысай» жобасы аталған елді мекеннің әсем табиғатына сай туризм орындарын дамытып, өңірді жандандыруді көздейді. 2. «Спорттық ауыл – Ащысай» тұрғындар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын дамытуға серпін бермек. 3. «Зейнет жас – сапалы ғұмыр» мәдени іс-шаралар арқылы зейнеткерлердің әлеуметтік-мәдени өмірге қызығушылығын арттырyды мақсат тұтады. 4. «Рухтың дамуы – ел дамуы» жастарға рухани білім берiп, бәсекеге қабілеттігін арттырмақ.

Жобаларды талқылауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті басшысы Б.Исақов, Кентау қ. әкімінің орынбасары Б.Алимбетов, Туризм басқармасы басшысы П.Қонысбаева, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы орынбасары Д.Исабаев қатысты.

Жобалар комиссия тарапынан жоғары бағаланып, Ащысай туристік жобасы қолдау тапты: аталған ауылға көңіл бөлінетін болды.

Барлығы
13
Қараша
«PRE-SESSIONAL COURSE» БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалы мемлекеттік қызметшілерге PRE-SESSIONAL COURSE (ағылшын тілінен магистратура/докторантураға талапкерлерді дайындық) курсын оқытуды бастады.

Курста облыстағы мемлекеттік қызметшілерден Академияға 2020 жылы оқуға түсетін, іріктеу тестінен өткендер ғана оқиды.   

Дайындық курсы Академияға тыңдаушылардың ағылшын тілі деңгейін көтеріп, APTIS бойынша тест тапсыруға мүмкіндік береді.  

Дәрістер барысында кезең-кезеңімен грамматика, ауызша сөйлеу, естіп мазмұндау, ақпаратты талдау, ойын жүйелеп жазу дағдылары жетілдіріледі.   

Курсқа мемлекеттік мекемелерден басшы және маман лауазымындағы тыңдаушылар тілді игеруге ерекше ықыласпен ден қоюда.  

Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

Барлығы