Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Академияның Түркістан облысы бойынша филиалында «Астана» халықаралық қаржы орталығы «Инвeстициялық сауаттылық негіздері және кәсіптік даму трендтері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Спикер ретінде АХҚО Үздіксіз кәсіби даму Бюросының оқыту орталығының супервайзері Әліби Сансызбай тренинг жүргізді.

Семинарға Түркістан өңірінің экономика, қаржы және инвестиция салаларының мемлекеттік қызметшілері қатысты. Тренинг барысында сарапшы АХҚО-ның қызметінің негізгі бағыттары мен жобаларымен таныстырып, Үздіксіз кәсіби даму Бюросының білім беру және сертификаттау мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып берді.