Жаңалықтар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН ОҚЫТУ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Академияның Түркістан облыстық филиалы «Өңірлік даму үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбында ауыл әкімдеріне арналған біліктілігін арттыру семинарлар сериясын жалғастырады.

🔶 Мақсат – ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешудегі әлеуетін және қызмет тиімділігін арттыру.

Осы және келесі апталарда қысқартылған бағдарламамен өткізілетін семинарларда ауыл әкімдері: 📎 жергілікті өзін-өзі басқарудағы реформалар; 📎 дербес бюджеттік процесс; 📎 коммуналды меншікті басқару; 📎 мемлекеттік сатып алулар; 📎 жобалық менеджмент;

📎 өңірлік экономикалық даму

бойынша білімдерін шыңдап, жобаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыратын болады.

Сонымен бірге, тыңдаушылар агроөнеркәсіп, цифрландыру, стратегиялық менеджмент, халықпен қарым-қатынас құру, әдеп, мемлекет қызмет сапасы бойынша да білімін жаңалайды.