Жаңалықтар

АУДАНДАРДЫҢ HR БАСШЫЛАРЫ БІЛІМІН ЖАҢАЛАДЫ

Аудандар мен қалалардың персоналды басқару қызмет басшыларының еңбекті ұйымдастыру мәдениеті мен трансформациялық құзыреттерін дамыту мақсатында Академия филиалы 2 күндік арнайы семинар-тренинг өткізді.   

Тыңдаушылар тұлғалық және корпоративтік ресустарды тиімді басқару практикалық дағдыларын, трансформациялық көшбасшылық құзіреттіліктерін дамытты;

Ұжымды ынталандырудың, әлеуетін жетілдірудің жаңа әдістерін игерді.

Бөлім  басшылары қызметке жаңадан кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсынан өткен жастардың жобаларын бағалады.

Семинардың қорытынды бөлігі идеялар фабрикасы форматында өтіп, 2020 жылға дайындық мәселелері қызу талқыланды.