Жаңалықтар

АРЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕП КИIМI ТАРАТЫЛДЫ

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей еліміздің барлық өңірінен Арысқа көмек керуені лек-легімен ағылып жатыр. Сын-сағатта бiрлiк биігінен көріне білген халықтың бұл әрекеті көңіл қуантады.

Осы орайда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша @Филиал АГУ при Президенте РК по Туркестанской области) филиалының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының кәсіпкері Хыбаева Гүлзада ханыммен бiрлесiп, Арыс қаласының 4 және 5 сыныптағы оқушыларына арнайы 40 дана мектеп киім үлгілерін тігуге тапсырыс берiлдi.